Алматыда Нұржан Жанпейісовтің алғашқы жеке концерті өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда наурыздың 18-і күні дәстүрлі ән өнерін насихаттаушы және халықаралық ән байқауларының лауреаты Нұржан Жанпейісовтің «Дауысыңды сағындым» деп аталатын алғашқы жеке концерті өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тұңғыш жеке концертім ұстазым, ҚР халық әртісі Дәнеш Рақышевтің рухына арналып отыр. Кеш 2003 жылдан бері қызмет жасап келе жатқан «Қазақконцерт» бірлестігінің концерт залында өтеді. Бұл өнер бірлестігінде дәстүрлі әншілерден Еркін Шүкіманов екеуіміз ғана. Өзге әншілердің бәрі эстрадалық бағыттағы орындаушылар болып отыр. Мен Дәнеш ағадан 1990-1992 жылдары Талдықорған педагогикалық институтының музыкалық факультетінде оқып жүргенде, арнайы мамандық бойынша болмаса да қосымша факультативтік дәріс алдым. Жалпы Дәнеш ағаның мәнерімен айтатын төрт-ақ шәкірт бар. Зарықбек Рақыжанов пен Жақсылық Мырқаев деген ағаларымыз болған, бұл кісілер марқұм боп кетті. Содан кейінгі шәкірті Алматы облыстық филармониясының әншісі Абылайхан Қармысов деген ағамыз болып отыр. Құдай бұйыртса, ол кісі наурыздың 18-індегі концертке қатысқалы отыр», дейді Нұржан Жанпейісов. 2005 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясын бітірген ол, 2 жыл өзі білім алған оқу орнында шәкірт тәрбиелеген еді. Қазіргі таңда бұл қызметін Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде жалғастырып жүр.
Соңғы жаңалықтар