Алматыда О.Сүлейменовтың 75 жылдық мерейтойына арналған жиын өтті

АТЫ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде танымал жазушы, ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың 75 жылдық мерейтойына орай «О.Сүлейменов және қазіргі заманғы өзекті мәселелер» атты дөңгелек үстел өтті.
None
None

Жиынды аталған университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Дина Жүсіпәлиева ашып, қоғам қайраткерінің атқарған еңбектері мен оның шығармашылық өміріне тоқталып өтті. "О.Сүлейменов біздің ЖОО-ға келгенде студенттерімізге ризашылығын білдірді. Өйткені гуманитарлы салада мамандар дайындамайтын университеттің студенттері де әдебиеттің поэзия, проза жанрларынан кенде еместігіне көз жеткізді. Бұл жайында еліміздің басылымдарына мақала жазды да»,-дейді проректор.

Сонымен қатар жиынға қатысқан профессор, оқытушы қауымы О.Сүлейменовтың адамзатты қорғауға қосқан үлесі, Кеңес өкіметі тұсындағы қиын заманға қарамай "АЗиЯ" атты кітабын шығарып, күллі әлемді назарына аудартқан еңбегіне тоқталып өтті. Сондай-ақ ол кісі әр қашанда өзекті мәселе төңірегінде өз үнін қосып жүретіндігі айтылды.

Ақынның мерейтойына арналған мұндай шаралар мамыр айында ардагерлер арасындағы дәтүрлі волейбол турнирімен және студенттердің театрландырылған қойлымдарымен жалғасады.

Соңғы жаңалықтар