Алматыда өгей ата-ана асыранды баласын биологиялық анасынан қайтарып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасы Гүлжан Қилыбаева мен Бақыт Меңлібаевтардың асыранды баласын қамқоршылардың үйінде қалдыру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда өгей ата-ана асыранды баласын биологиялық анасынан қайтарып алды

Сот алқасы Гүлжан Қилыбаеваның арызын қанағаттандырды.

Іс өзге құрамда қарастыру үшін Алматы қаласы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді.

Сот тыңдауы жабық жағдайда өтті.

Айта кетейік, Жеңістің биологиялық анасы Алматы қаласы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа шағым айтып, Алматы қаласы Медеу аудандық әкімдігі мен қамқоршылық органдарының шешімін, Медеу аудандық әкімінің тапсырмасын  заңсыз деп тауып, туған баласын өгей ата-анасынан айыруды талап еткен болатын.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Гүлжан Қилыбаева асыранды баласы үшін бір жылдан астам уақыт бойы соттасуда. Баланың биологиялық анасы Жеңісті перзентханада тастап кеткен. Бірақ уақыт өте келе райынан бас тартып, баланы қайтаруға әрекеттенген.