Алматыда оқулықпен қамтуға 1 млрд. 999 млн. теңге бөлінді

«Жергілікті бюджеттен оқулықпен қамтуға 1 млрд. 999 млн. теңге қарастырылды. Өткен жылғымен салыстырғанда 500 млн теңгеге артық. 20 баспамен келісім шарт жасалды. Қазір оқулықтар мектептерге жеткізіліп, оқушыларға таратылып жатыр», - деді басқарма басшысы.
Оның айтуынша, оқулықтарға өтінім жиналған кезде міндетті түрде ата-аналардың, ұстаздардың сұранысы ескерілген.
«Ата-аналардың сұранысы ескеріле отырып жасалғандықтан оқулықтар тапшылығы болмайды деп ойлаймын», - деді ол.
Басқарма басшылығы қосымша оқулықтар алуға мәжбүрлеу болған жағдайда мектеп директорынан түсініктеме алынатынын жеткізді.
Мамандардың айтуынша, биыл қалада мектеп формасы, құрал-жабдықтарының бағасы өзгермейді.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында 8 ауданда 21 мектеп жәрмеңкесі өткен.
«Бағаның негізсіз көтерілуін қадағалау мақсатында арнайы штаб құрылып, көптеген сауда орындарын аралап шықтық. Еш жерде бағаның көтерілгенін байқамадық. Отандық киім тігушілер «Глассман», «Ангельхер», «Сымбат» тігін фабрикалары бағаны көтермейтіндігін жеткізді. «Абди» компаниясы 3 ай бойы мектеп құралдары қымбаттамайды деп сендірді», - деді басқарма басшысы Р.Шимашева.