Алматыда оқушы қызды көлік қағып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде оқушы қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Алматыда оқушы қызды көлік қағып кетті

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 14 мамыр күні сағат 12:25 шамасында болды.

«Subaru» көлігінің жүргізушісі Масанчи көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жібек жолы көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінде 2010 жылы туған қызды қағып кетті.

«Оқушы қыз дене жарақатымен Алматы қаласының №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Бұл фактіні Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріп жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаменті тергеу бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.

Еске салсақ, Жамбылда жол апатына ұшыраған Өзбекстан азаматтары еліне аттанды.