Алматыда оқушылар арасында қалалық ақындар айтысы өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда наурыздың 21-і күні мектеп оқышылары арасында «Имандылық, салт-дәстүр, рух пен тіл байлығын қалай түсінесіз?» деп аталатын қалалық ақындар айтысы өтеді,

Алматыда оқушылар арасында қалалық ақындар айтысы өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оны Алмалы ауданының әкімдігі мен «Қазақ тілі» қоғамы бірігіп ұйымдастырып отыр. Наурыз мейрамына орайластырылып отырған бұл шара Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының залында өтеді. Мақсат - халқымыздың төл өнерін насихаттау арқылы қала және аудан жастарын еліміздің салт-дәстүріне құрметпен қарауға баулып, азаматтық патриотизмін шыңдау және тәрбиелеу. Бұл шараға түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері, оқу орындарының және қала мен аудандық әкімдіктің жетекшілері және өнер сүйер барша жұртшылық өкілдері қатыспақ.