Алматыда оқушылардың ВИЧ-тан сақтануын арттыратын іс-шаралар өтуде
АЛМАТЫ. 25 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Жастар арасында ВИЧ инфекциясының таралып кетуін тиімді ауыздықтау, жасөспірімдерге ол жөнінде толыққанды мағлұмат беру болып табылады.
Осыған орай "Орталық Азия білімі" білім беру орталығы «Шеврон-Мұнайгаз» компаниясының қаржыландыруымен 13-15 жас аралығындағы жастарға "Болашақ сенің таңдауыңда" жобасын іске асырмақ. Аталған жоба ЖҚТБ-ға ұшыраған адамдарға тәрбиелік толерантты қатынаста болуға және мектеп оқушыларына бұл індеттің таралу жолы жөнінде ақпарат беруге бағытталған.
Жазғы мезгілдің қызған шағында "Тау-күні", "Жас үй тұрғызушы", «Огонек» және «Тау-Тұран» лагерлерінде жоғары отрядтар арасында білім беру тренингтері өткізілген. Оған 300-ден астам бала қатысқан.
Мамандар интерактивті және ролді ойындарды қолдана отырып, жастардың назарын ВИЧ инфекциясының таралып кетпеу қауіпсіздігі мен ондай індетке ұшыраған адамдарға адамгершілікпен қарау жөніндегі тақырыптарға аудартып, тәрбиелік мәні бар мағлұматтар берген.