Алматыда оқушыны көлік қағу оқиғасына полиция түсінік берді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы көлік қағып кеткен оқушыға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
Полицияның мәліметінше, жол апаты Бостандық ауданында таңғы 07:35-те болған. «Тойота» көлігі 7 жастағы қыз баланы қағып кеткен.
«Қазір жол апаты дерегін Бостандық ауданы полиция басқармасы анықтап жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды»,- деді полиция басқармасынан.