Алматыда Олимпиадалық эстафета өтеді
АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда 19 мамыр күні олимпиадалық эстафета сайыстары болады. Бұл шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатысады деп жоспарлануда.
Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл шара биыл Лондондағы ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарына арналып отыр. Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешені базасында өткелі отырған бұл жарыстың бағдарламасына - қашықтыққа жүгіру, секіру, веложарыс, роликпен жарыс секілді спорт түрлері енді. Былтырғы Олипиадалық эстафетаға 20 мыңнан астам адам қатысқан болатын. Ұйымдастырушылар ағымдағы жылы қатысушылардың саны былтырғыдан да көп болады деп болжауда. Онда жарыс жеңімпаздарына «Proekters & Camble» Қазақстан компаниясы мен Ұлттық олимпиадалық комитет тарапынан бағалы сыйлықтар берілмек.