Алматыда Олжас Сүлейменовтің 75 жасқа толуына орай ақын кітаптарының көрмесі өтті

АТЫ. 17 мамыр. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ақын және көрнекті публицист, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 75 жасқа толу мерейтойына орай Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Әр сөзіңе тәңірім иіп тұрған..» атты кітап көрмесі өтті.

Алматыда Олжас Сүлейменовтің 75 жасқа толуына орай ақын кітаптарының көрмесі өтті

«Туған қалам - Алматым», «Арғымаққа мінген ақын», «Тауларды аласартпай - даланы биіктетейік», «Елін әлемге танытқан азамат», «Жер ананы аялатқан», «Қаламгер - халық перзенті» атты бөлімдерден тұратын көрмеге ақынның 200-ден астам қазақ, орыс және шет тілдерде жарық көрген кітаптары қойылған. Сондай-ақ көрмеге Ұлттық кітапхана қорындағы кітаптардың ішінде 1975 жылы басылып шыққан «АЗ и Я» кітабы, «Атамекен», «Қыш кітабы», «Арғымақтар», 7 томдық шығармалар жинағы, таңдамалы туындылары мен тағы басқа кітаптары қойылған.

Көрме барысында «Олжас кітапханасы» баспа үйі басып шығарған «АЗ и Я», «Глиняная книга», «Литература это жизнь», «Беседы с Олжасом», «И в каждом слове улыбался бог», «Но людям я не лгал...», «Феномен Олжаса» кітаптарының тұсауы кесілді.