Алматыда он шақты көппәтерлі үй жарықсыз, сусыз қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда он шақты көппәтерлі үй сусыз жарықсыз қалды. «Алматы су» холдингінің хабарлауынша, Пушкин көшесі № 79, 75,24,24, Төле би көшесі, 40/1, 40, Бөгенбай көшесі, №103,105; Уәлиханов көшесі, №70,6 үйлер таңертеңгі 11:00-ден түскі 16:00-ге дейін, Ақжар шағын ауданы, Бекешев көшесі, Ақбұлақ көшесі, Тарасов, Мүсірепов көшесі бойындағы ғимараттар суық сусыз қалды.

Алматыда он шақты көппәтерлі үй жарықсыз, сусыз қалды

Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты Жамақаев, Нұрлыбаев, Сызғанов, Ахмедьяров көшелерінің бойындағы ғимараттар суық судан ажыратылды.

«Алматыэнергосбыт» кәсіпорнының хабарлауынша, бүгін Алматы қаласының мыңдаған тұтынушылары электр энергиясынан ажыратылады. Түрксіб ауданында жаңғырту жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ Алмалы және Алатау аудандарында апатты қалпына келтіру жұмыстары жалғасады.