Алматыда «ОҢАЙ» картасының миллионыншы иегеріне тоңазытқыш табыс етілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының тұрғыны, көп балалы ана Айжан Жақыпова «ОҢАЙ» көлік картасының миллионыншы иегері атанды. Осыған байланысты оған жеңілдетілген картамен бірге тоңазытқыш сыйға тартылды. Бұл туралы бүгін «Алматы қаласының Көлік Холдингі» ЖШС-ның баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Көп балалы аналарға көмек көрсеткендері үшін қала басшылығына ризамын. Бізге шынында да жеңілдетілген жол жүру билеті қажет болатын. Мен «ОҢАЙ» көлік картасын енгізілгелі бері қолданып келемін. Өте ыңғайлы, бірақ қоғамдық көлікте мектепте оқитын балаларыммен бірге жүретін болғандықтан қымбатқа түсіп жүретін. Сондықтан жеңілдік берілгені бізге өте жақсы болды. Бұл сыйлық біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш», - деді Айжан Жақыпова.
Айта кетелік, 2016 жылдың 23-ші ақпанына қарай сатылған және таратылған «ОҢАЙ» автокөлік картасының саны - 1 000 520-ға жетті. Олардың ішінде 416 165 жеңілдетілген көлік картасы таратылса, 584 355 бірыңғай көлік карталары сатылған.

Соңғы жаңалықтар