Алматыда «Өнер - өмір өрнегі» шығармашылық студиясының балаларды қолдауға арналған шаралары өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығында  «Өнер - өмір өрнегі» бейнелеу өнері шығармашылық студиясының балаларды  әлеуметтік қолдауға бағытталған іс-шаралары басталды.
None
None

 «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының 20-жылдығына арналған бұл шараға аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан дарынды балалар қатысуда. Онда азаматтық, адамгершілік құндылық тұрғысынан өзінің дара адами тұлғасын сезіне отырып, өзін-өзі дамытуына, жетілдіруіне жағдай туғызу, әдеби шығармашылыққа белсенді қатыстыра отырып тұлғаның үйлесімді қалыптасуына ықпал ету және оған жалпы жұртшылықтың  назарын аударту мақсат тұтылып отыр. 8 шілдеге дейін созылатын студия жұмысына республиканың түкпір-түкпірінен аз қамтылған отбасынан шыққан 10-15 жастағы бейнелеу өнері бойынша қабілетті, дарынды балалар мен жасөспірімдер қатысуда. Бағдарламада  көркем шығармашылық жұмыстарына тарту үшін шеберлік сыныптарына қатысу арқылы танымал суретшілердің шығармашылығымен танысу, бейнелеу өнері саласында жүрген шеберлермен кездесулер өткізу, шығармашылық көрмелерді аралау көзделген. Онда түрлі байқаулар, қызықты саяхаттар, көңілді бағдарламалар ұйымдастырылып, студия жұмысының қорытындысы бойынша шығармашылық жұмыстардың көрмесі өткізіліп, әр қатысушыға арнайы сертификат тапсырылады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар