Алматыда өнер жұлдыздары ЕҚЫҰ Саммитіне арналған біріккен концерт береді

АЛМАТЫ. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматыда ертең, қазан айының 19-ы күні Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филормониясында елімізге танымал скрипкашы, ҚР халық әртісі Айман Мұсақожаева, Израиль елінің аты аңызға айналған виолончелисті Миша Майский, Словакия елінің талантты дирижеры Леош Сваровский,

Алматыда өнер жұлдыздары ЕҚЫҰ Саммитіне арналған біріккен концерт береді

сонымен қатар Қазақ ұлттық өнер университетінің еуразиялық симфониялық оркестрі мен ҚР мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі желтоқсан айының 1-2 күндері өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне арналған тұңғыш рет біріккен концерт береді. Бұл туралы қонақтар бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында хабарлады.

Айман Мұсақожаеваның айтуынша, Астанада осындай концерт қазанның 16-сында үлкен жетістікпен өткен. "Концертке барлық елшіліктердің басшылары, ЕҚЫҰ өкілдері және басқа да жоғары қызметтегі қонақтар келді. Бұл концерт - түрлі мәдениеттегі, музыкаға махаббатпен біріккен және бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан әр түрлі ел адамдарының шығармашылық жобасы болып табылады. Біздің концерт "ЕҚЫҰ Саммиті кездесуіне" арналған өзіндік акция мен Саммит қонақтарын қарсы алуға арналған шара", - деді Айман Мұсақожаева.

Концерт бағдарламасында Еркеғали Рахмадиевтің «Дайрабай» симфониялық күйі, Петр Чайковскийдің «Размышление», «Меланхолическая серенада», «Вальс - скерцо», «Скерцо» және «Мелодия» пьесалары, Камиля Сен- Сансаның «Рондо- каприччиозосы», Алмас Серкебаевтың «Шалқыма» оркестрлік күйі орындалып, Йоганес Брамс оркестрінің скрипка және виолончелге арналаған концерті өтеді.