Алматыда онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға арналған жаңа жылдық бал өтуде

АЛМАТЫ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйінде «Мен сенімен біргемін» балалар хосписінде, Қазақ онкология және радиология ҰЗИ, Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығында емделіп жатқан онкологиялық науқасқа шалдыққан балаларға арналған жаңа жылдық бал өтуде.

Алматыда онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға арналған жаңа жылдық бал өтуде

Іс-шараға әр түрлі онкологиялық аурулармен ауыратын 90 бала қатысты. Аяз ата мен Ақшақар денсаулық жағдайына байланысты мерекеге қатыса алмайтын балаларға ауруханаға келеді. Барлығы 280-нен астам осындай балғындарды құттықтау жоспарлануда.

Мерекені «Салауатты Азия» онкологиялық ауруларды қолдау қоры және өз еркімен қол ұшын созған абзал азаматтар ұйымдастырды.