Алматыда онкологиямен ауыратын науқасқа бірегей ота жасалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда онкологтар бірегей ота жасап, 56 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы онкология орталығының мәліметінше, 1965 жылы туған әйелдің бауырында, ұлтабардың түсу бөлігінде ІІІ дәрежелі жоғары көтерілетін тоқ ішектің қатерлі ісігі, паранефральдік майлы өзек және тамыр тромбозы болған.
«Тексеру кезінде науқаста ісіктің ыдырауы да анықталды. Жабық ішек перфорациясы.Токсикалық-анемиялық синдром. Ауыр анемия. Пациенттің жай-күйі өте қиын болды», - дейді орталықтың онколог-хирургы Нұрлан Балтаев.
Дәргердің атуынша, орталықтың онкологтары күрделі бірегей ота жасады: лапаротомия, оң жақта гастропанкреатодуаденальды резекциямен кеңейтілген біріктірілген гемиколэктомия, бауырдың VI сегментінің резекциясы, оң жақтағы паранефральдік майлы тіндердің резекциясы, илеоколиялық венаның тромбоэктомиясы, лимфодиссекция.
4 сағатқа созылған ота сәтті өтті.
Операциядан кейінгі кезең ешбір қиындықсыз өтіп, науқас 14-ші күні қанағаттанарлық жағдайда аураханадан шығарылды.
Өз кезегінде онкологтар Алматы тұрғындарын тіркелген жері бойынша қалалық емханаларда белсенді түрде тегін скринингтен өтуге шақырады, өйткені мегаполисте скрининг пен онкологиялық науқастарды ерте диагностикалаудың артуы арқасында қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім төмендеді.
Кейінгі кезеңдерде аурудың белгілері пайда болған кезде және ісіктің таралу ықтималдығы бар болса, ауруды емдеу күрделене түседі.