Алматыда Оңтүстік полюсте болған алғашқы қазақстандық экспедиция туралы баяндайтын фильмнің таныстырылымы өтеді

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - 12 желтоқсанда Алматыдағы «Меломан GRAND" дүкенінде Қазақ география қоғамының Оңтүстік полюсте болған тұңғыш қазақстандық экспедиция туралы баяндайтын «108 сағат» атты фильмінің таныстырылымы өтеді.

Алматыда Оңтүстік полюсте болған алғашқы қазақстандық экспедиция туралы баяндайтын фильмнің таныстырылымы өтеді

Бұл туралы Қазақ география қоғамының баспасөз қыметі хабарлады.

Қазақ география қоғамының командасы үш автомашинамен 2 400 шақырым Антарктида қарын, желі мен үскірік аязды еңсеріп, 2011 жылы 14 желтоқсанда Оңтүстік полюсті бағындырған болатын.

Антарктида жағалауынан материк кіндігіне дейінгі жол бойы бейнекамера саяхатшылардың күрделі жолбағыттағы бүкіл машақатын лентаға түсірді. Бұл саяхат Гиннестің Рекордтар кітабына енгізілді.

Қазақстандықтар бұдан 100 жыл бұрын Оңтүстік  полюсті алғаш бағындырған Руал Амундсен болған ғаламшардың ең түстіктегі нүктесіне еліміздің жалауын тікті.