Алматыда орта білімді медицина қызметкерлерінің республикалық конкурсы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы қалалық медицина колледжінде «Медициналық және фармацептикалық орта білімді ең үздік маман» республикалық конкурсы басталды,

Алматыда орта білімді медицина қызметкерлерінің республикалық конкурсы өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Конкурс 2 кезеңнен тұрады. Біріншісінде сайыскерлер компьютерлік тестлеуден өтсе, екінші кезеңде алғашқы медициналық көмек көрсетудің түрлерінен сайысқа түседі. Ертең мәреге жететін конкурсқа Павлодар, Петропавл, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Жамбыл, Көкшетау, Маңғыстау, Өскемен қалаларынан медбикелер, фельдшерлер мен акушерлер қатысуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурс 11-12 мамыр күндері өтетін орта санатты медицина қызметкерлерінің II-ші сьезі мен халықаралық медбике күніне орайластырылып өткізіліп отыр. Аталған сьезд аясында бұнымен қатар Даңқ мемориалына гүл шоғын қою, ағаш отырғызу, "Денсаулық жәрмеңкесі", "Денсаулық трамвайы" сынды шаралар өткізіледі. Сьезде негізінен орта білімді медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау, инновациялық технологияларды енгізу, білім жетілдіру сынды мәселелер талқыланады.