Алматыда орта буын медицина қызметкерлерінің II съезі өтеді

АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең Алматыда Халықаралық медбике күніне және Ұлы Жеңістің 65-жылдығына орайластырылған орта буын медицина қызметкерлерінің II съезі өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, шараға министр Ж. Досқалиев, ҚР Үкіметінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, республикамыздың орта медициналық және фармацевтика қызметкерлері, Қазақстанның және шет елдердің жетекші ғалымдары, медициналық ұйымдар мен колледждердің басшылары, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері қатысады.

Соңғы жаңалықтар