Алматыда орта буынды медицина қызметкерлерінің ІІ сьезі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Алматыда Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен орта буынды медицина қызметкерлерінің ІІ сьезі өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сьезд жұмысын ашқан ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, жиын орта білімді медицина мамандарының өзекті мәселелерін талқылау, нақты шаралар қабылдау мақсатында өткізіліп отыр. Сьезд барысында орта білімді медициналық және фармацептикалық қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, білім беру саласына инновациялық технологияларды енгізу, қазіргі заманға сай қайта даярлау мәселелері талқыланып, ұсыныстар негізінде арнайы қарар қабылданбақ. Алқалы жиынға 700-ден астам медицина мамандары қатысуда. Олардың 247-сі еліміздің әр аймағынан келген. Олардың қатарында 90 жастағы Қызылорда облысынан келген ардагер Шырынгүл Ахметова да бар. Ол бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрінің қолынан арнайы төс белгімен марапатталды.

ҚР ҰҒА академигі, профессор Төрегелді Шармановтың айтуынша, орта буынды медицина мамандарының алғашқы сьезі 1981 жылы өткізілген. «Одан бергі уақыт аралығында заман талабы өзгерді. Қазіргі заман талабына сай мәселелерді қарастырып, шешу оң бастама. Сондықтан сьездің берері мол болады деп сенемін» деді академик.

Жалпы сьезге арналған шаралар кеше басталған болатын. Сьезд делегаттары кешегі күні Даңқ мемориалына гүл шоғын қойып, республикалық медбикелер конкурсы басталған болатын. Бүгін сьездің ашылуында конкурс қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды. Сонымен қатар еліміздің барлық аймағындағы 93 орта буынды медицина маманы құрмет грамоталарымен, төс белгілерімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар