Алматыда орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы математика курсы мазмұны туралы республикалық семинар өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы математика курсы мазмұнының сабақтастығы мәселелері» деп аталатын республикалық семинар басталды.
None
None

Екі күндік бұл шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстанның математика пәні мұғалімдерінің І съезінің ұсынымдарын іске асыру жоспарына сәйкес Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында өткізуде. Семинардың басты мақсаты - республиканың мектептері мен жоғары оқу орындарындағы математикалық білім сапасын арттыру. Оған жоғары оқу орындарының өкілдері, республиканың жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалым әдіскерлері, жалпы орта білім беретін және арнайы мамандандырылған мектептердің басшылары мен математика пәнінің мұғалімдері, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының әдіскерлері қатысуда.

" Семинарда олар мектеп және жоғары оқу орындарындағы алгебра және анализ бастамалары мен геометрия курстары мазмұнының сабақтастығын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ оқу бағдарламалары мен оқулықтарды дайындаушылардың математика терминдерін түрлі нұсқада пайдалануының алдын алу мақсатында мектеп пен жоғары оқу орындары деңгейлерінде қолдануға арналған қазақ тілінде бірыңғай математикалық терминологияны қалыптастыру қажеттілігі туралы мәселелерді қарастырады", - дейді Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Ақпарат және баспа орталығының редакторы Әлия Асмағұлова. Оның айтуынша, синардың секциялық жұмыстарында қатысушылар 11 жылдық мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын және «Математика» мамандығы бойынша жоғары білім беру деңгейінің стандартын талдайды. Сонымен қатар, мұғалімдерді «Математика және информатика», «Математика және физика» және тағы басқа да қос мамандықтар бойынша даярлау мәселелері, яғни мектеп пәндерінің мазмұнын кіріктіру жағдайында математика пәнінің мұғалімдерін даярлау жолдары нақтыланады.

Соңғы жаңалықтар