Алматыда орталық аурухананың 15 қызметкері коронавирустан жазылып шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда соңғы екі күнде коронавирус инфекциясынан жазылған 47 адам ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жазылып шыққандар қатарында Орталық қалалық клиникалық аурухананың 9 медицина қызметкері мен вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 8 адам бар. Ал кеше Орталық қалалық клиникалық аурухананың 15 медицина қызметкері, 1 санитарлық дәрігер, жеті жасар 2 бала, №17 қалалық емхананың 1 медицина қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 11 адам жазылып шыққан болатын.

Осы уақытқа дейін Алматыда 159 адам сауығып шықты
Соңғы жаңалықтар