Алматыда Орталық Азия елдерінің Қызыл Жарты Ай ұлттық қоғамдарының аймақтық кездесуі өтті

АЛМАТЫ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Орталық Азия елдерінің Қызыл Жарты Ай ұлттық қоғамдарының DIPECHO жобасы бойынша екі күндік аймақтық кездесуі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оны Нидерландия Қызыл Крест қоғамы, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай федерациясы мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті бірігіп ұйымдастырған болатын. Бұл Еуропа Одағының гуманитарлық көмек департаменті қаржыландыратын DIPECHO жобасының 5-ші кезеңі болып отыр. Оны Нидерландия Қызыл Крест қоғамы арқылы Орталық Азия елдерінің Қызыл Жарты Ай ұлттық қоғамдары 6 жылдан бері жүзеге асыруда. Нидерлания Қызыл Крест қоғамының Төтенше жағдайлар кезінде басқару жобасының аймақтық үйлестірушісі Саша Буцманың айтуынша, бұл жоба қазіргі таңда Орталық Азиядағы бес елде яғни, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Тәжікстан республикаларында жүзеге асырылуда. Екі күндік аймақтық кездесуге ұлттық қоғамдардың төрағалары мен бас бухгалтерлері түгел жиналып отыр. Онда олар Төтенше жағдайда жұмысты үйлестіру мен жақсарту және жобаның жергілікті тұрғындарға әсері туралы өзара пікір алмасты. «Қазақстан бұл жобаға 2008 жылдың тамыз айынан бастап қосылды. Қазіргі таңда Еуропа Одағының гуманитарлық көмек департаментінің қаржыландыруы бойынша біздің нұсқаушыларымыз Алматыдағы 40 мектептің оқытушыларын төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық жедел жәрдем көрсетуге дайындады. Олар енді 7-9 сынып оқушыларын арнайы тренингтер арқылы осы жұмысқа баулиды. Мектептердің тізімін төтенше жағдайлар департаментінің әзірлеп, оны қалалық білім департаменті бекітті», дейді ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының вице-президенті Зәуре Әбдірахманова. Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта Еуропа Одағының гуманитарлық көмек департаменті бұл жобаны қаржыландыруды тоқтататын болса, оны ұлттық қоғам өз күшімен одан ары жалғастыратын болады.
Соңғы жаңалықтар