Алматыда Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрмесі ашылды
Алматыда наурыздың 3-4 күндері ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сән-қолданбалы өнер орталығы мен бірлесіп қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмекеңесін ұйымдастырып отыр. Көрме 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі тақырыбында ұйымдастырылған. Шараға Қазақстанның барлық өңірінен және Қырғыз елі, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Моңғолиядан 100-ден астам шебер өз туындыларын алып келген.
«Көктемгі мерекенің белгісі - қызғалдақтар. 8 наурыз жақындап қалды. Көктемнің осы бір шуақты мерекесі арқылы біз қыз-келіншектерге мейірім мен шаттық тарту етеміз», - деді «Бақыт» сән-қолданбалы өнер орталығының қызметкері Күнсұлу Әбдіқаріп.
Жәрмеңкеде кәдесый, киізден, жібектен жасалған бұйымдар, кілемдер мен зергерлік әшекейлер, қыш ыдыстар қойылған.
Кәдесыйлардың құны 20 доллардан басталып, 1000 долларға дейін бар.