Алматыда Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығына қатысушы мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің 1-ші отырысы өтеді

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ақпанның 26-сы күні Алматыда Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығына қатысушы мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің 1-ші отырысы өтеді.
None
None
Аталмыш шараға осы ұйымға мүше мемлекеттердің есірткіге қарсы күрес бөлімдері мен ішкі істер министрліктерінің өкілдері қатысады. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, отырыста орталыққа қатысушы мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілері кеңесінің жұмысын ұымдастыру тәртібі туралы ереже мен қызмет ережесіне қатысты мәселелер талқыланады. Сонымен қатар онда осы ұйымға мүше елдердің құпия ақпарат алмасу шаралары мен қорғаныс туралы келісімнің жобасы, сондай-ақ орталық аясында мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бақылаушы мәртебесін алуы және орталыққа қатысты өзекті деген өзге де мәселелер талқыланады. Естеріңізге сала кетейік, Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын құру жөніндегі іс-шаралар Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және онымен байланысты қылмыстар жөніндегі басқармасының бастамасымен 2005 жылы басталып, 1996 жылдың мамыр айының 4-індегі Есірткіні бақылау саласындағы өңірлік әріптестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде жүзеге асып келген. Елбасының Өкіміне сәйкес, Орталықтың директоры қызметіне генерал -лейтенант Бексұлтан Сәрсеков тағайындалған.
Соңғы жаңалықтар