Алматыда Орталық Азияда интернет саласын дамытуға арналған халықаралық форум өтті

АЛМАТЫ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "Орталық Азияда интернет саласын дамыту InternetCA-2010" форумы өз жұмысын аяқтады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны MediaNet халықаралық журналистика орталығы, Конрад Аденауэр атындағы қор мен Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының қолдауымен Қазақстаның медиалық қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды. Екі күндік бұл шараға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардан өкілдер, Парламент депутаттары, дипломаттар, интернет-қоғамдастықтарының белсенділері, журналистер және интернет-сарапшылары қатысты. Онда талқыланған негізгі тақырыптар мынау болды. "Орталық Азиядағы интернет. Негізгі ағымдар, мәселелер, шешу жолдары", "Аймақтағы интернет саласының болашағы", "Интернет саласындағы заңдарды дамыту", "Интернет бизнес ретінде. Аймақтағы интернеттің инвестициялық тартымдылығы", "Интернет-қызметтер: мемлекеттік және қоғамдық", "Орталық Азияда интернетті ұлттық тілдерде дамыту".

"Болашақта дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді деп жоспарланып отырған бұл шараға биыл Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Литва,Өзбекстан және Тәжікстан елінен 100-ден астам өкіл жиналды. Онда Орталық Азия елдерінің интернет нарығындағы жалпы ахуал ғана емес Беларус пен Литва мемлекеттерінің тәжірибесі де жан-жақты сөз болды. Алдағы уақытта форумда жасалған баяндамалар жинақ болып басылып, құзырлы органдардың назарына ұсынылатын болады", дейді MediaNet халықаралық журналистика орталығының үйлестірушісі Дінмұхамед Зиядин.

Соңғы жаңалықтар