Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі сән апталығы ашылады

АТЫ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматыда қарашаның 28-і күні «Four Season Group» прет-а-портенің ұйымдастыруымен "Қазақстан" қонақүйінде қазақстандық және шет ел дизайнерлерінің жаңа сән үлгісіндегі «Көктем-жаз - 2010» маусымдық жиынтықтарының көрсетілімдері ашылады.

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі сән апталығы ашылады

Көрсетілімдер үш күн өтеді. Бұл туралы «Kazakhstan Fashion Week»(KFW) жыл сайынғы ұлттық жобаның ұйымдастырушылары, ашылу рәсіміне арналған баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Дәстүр бойынша Орталық Азиядағы ең ірі сән апталығында шоу-рум, авте-пати кештері, шеберлік дәрістер және әрине БАҚ-на арналған баспасөз мәслихаттары ұйымдастырылатын болады. Бұнымен қатар, дизайнерлермен ұйымдастырушылар халықаралық "Eurasian PR-event 2010" форумына қатысады, онда Қазақстан нарығында отандық брендтерді дамыту мүмкіндіктері қаралып, талқыланады. Биылғы жоба да жылдағыдай жоғары деңгейде өтетінімен ерекше болады деп сенемін», - деді Kazakhstan Fashion Week ұлттық жобасының Бас директоры, әрі продюссері Саят Досыбаев.

модаОның айтуынша, бұл шара дизайнерлердің ұсынған жиынтықтарынан ұнатқан үлгілерін таңдап алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, биыл бірінші рет өткізілетін "Арманға жол" акциясы жетім балаларға көмек көрсетуге мүмкіндік бермек. "Апталық соңында сатылымға қойылатын киімдерден түскен қаражаттар "Бауыржан" қорына аударылатын болады", деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, аталмыш апталыққа шет елдің танымал дизайнерлері - Түрік елінен Зейнеп Эрдоган, Украинадан Олег Скирда, Грузиядан дәстүрлі қонақ Кети Чхиквадзе, Италияның "Extyn" сән үйі және елімізге танымал отандық дизайнерлер қатысып, өздерінің сәндік киім үлгілерін ел назарына ұсынбақ.

Сән апталығына дәстүрлі түрде қатысатын қазақстандық дизайнерлер - Аида Қауменова, Құралай Нұрқаділова, Айгүл Қасымова, Салтанат Баймұхамедова, Жадыра Сахиева, Лария Жақамбаевамен қатар, биылғы маусымға Камилла Курбани, Михаил Кравец және "SofiAnn" маркасын ұсынатын София мен Анна есімді дизайнерлер қатысады.

Шара барысында журналистерге, суретке түсірушілер мен операторларға арналған түрлі шаралар мен байқаулар өткізілмек.