Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі сән апталығы басталады

АЛМАТЫ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда қазақстандық және шет ел дизайнерлерінің жаңа сән үлгісіндегі «Көктем-жаз 2010» маусымдық коллекцияларының көрсетілімдері басталады. Бұл туралы бүгін «Kazakhstan Fashion Week»(KFW) жыл сайынғы ұлттық жобаның ұйымдастырушылары, ашылу рәсіміне арналған баспасөз мәжілісінде мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сән апталығында дәстүр бойынша ірі әлемдік сән апталығын ұйымдастырушылардың қатысуымен шоу-рум, авте-пати кештері, шеберлік дәрістер ұйымдастырылатын болады. Биылғы жоба - өткен жылғы көрсетілімге қарағанда, қазақстандық қатысушылардың жұмыстарының көрсету басымдылығымен ғана емес, мазмұнды да, сапалы, жоғары деңгейде өтетінімен ерекше болады», дейді Kazakhstan Fashion Week ұлттық жобасының Бас директоры әрі продюссері Саят Досыбаев.

«Four Season Group» прет-а-портенің  ұйымдастыруымен өтетін сән апталық биыл «Қазақстан» қонақ үйінде өтеді. Дәстүрге айналған шараға Ресей, Грузия және еліміздің танымал дизайнерлері, сонымен қатар шет елдерде танымал болып үлгерген жас дизайнерлер де қатысады.     Бүгін Алматыға Ресей мен Грузия елдерінен арнайы қонақ ретінде шақырылған киім үлгілерін жасаушы дизайнерлер Леонид Алексеев, Кети Чхиквадзе, Автандил Тсквитинидзелер келіп те қойды.

Соңғы жаңалықтар