Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі жаңа фирмалық дүкен ашылды

АЛМАТЫ.  7 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда Vestel компаниясы Орталық Азиядағы ең ірі фирмалық дүкенін ашты. Дүкеннің ашылу рәсіміне Еуропадан арнайы келген Vestel компаниясының президенті Эрен Атаман қатысты.
None
None

«Бұл біздің Қазақстанда ашып отырған алғашқы ірі фирмалық дүкеніміз. Оны ашудағы мақсатымыз - Vestel тауарларын қазақстандық тұтынушыларға ұсыну. Біз Қазақстанды болашағы зор, экономикасы тұрақты дамыған ел деп білеміз. Бұған дейін біздің өнімдеріміз тұрмыстық техника сатылатын барлық дүкендерде ұсынылып келді. Енді тұтынушылар Vestel-дің барлық өнімдерін бір дүкеннен таба алатын болады. Бұл дүкеннің ашылуы біз үшін үлкен маңызға ие»,-деді шараның ашылу салтанатында Vestel компаниясының президенті Эрен Атаман.

 Оның айтуынша, Vestel компаниясының жылына шығаратын 20 миллионға жуық өнімінің 15 миллионы Еуропа мен ТМД елдеріне ұсынылып келеді.

 Жаңадан ашылған Vestel-дің дүкенінің көлемі 1 300 шаршы метр. Фирмалық дүкен алматылықтарға жүзден аса өнімдерді, үлкен тоңазытқыштардан бастап ұсақ тұрмыстық техникаларды ұсынбақ. Дүкенде тұтынушыларға жақсы таныс Vestel-дің тұрмыстық техникаларынан өзге, алуан түрлі өнімдері: мобильді телефондар мен фотоаппараттардан бастап  үйге қажетті ұсақ-түйек заттар ұсынылған.

 Компания Халықаралық Әйелдер күніне орай тауарларға төмен баға жариялады. Жеңілдік акциясы  8 наурызға дейін жалғасады. Сатып алушылар бұл күндері сыйлықтармен қатар, ұтыс ойынына қатысуға мүмкіндік алып, ұтысқа қойылған үш жиынтықтың бірін жеңіп ала алады. Жиынтыққа тоңазытқыш, ас плитасы, кір жуғыш машина тұрмыстық техникалары кірген.  

Соңғы жаңалықтар