Алматыда Орталық Азиялық дәстүрлі халықаралық телекоммуникация көрмесі ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақпарат және байланыс министрінің құттықтауын көрменің ашылу рәсімінде "Зерде" ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі" АҚ-ның Басқарма төрағасы Әділбек Сарсенов оқып берді. Онда Асқар Жұмағалиев көрменің қоғамдағы рөліне жоғары баға берді. "Қазіргі таңда технология біздің өміріміздің бөлінбес бөлшегіне айналды. Жыл сайын ол қоғамның барлық саласына дендеп еніп келе жатыр. Бұл - қазіргі заманғы ағым", дейді министр А. Жұмағалиев.
Итека көрме компаниясының жыл сайын өтетін дәстүрлі бұл көрмесіне биыл 13 елден 60 компания қатысып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жолы ол жаңа пішінде өтуде. Үш күнге созылатын көрме бағдарламасында "SES-KITEL2010" ақпаратық технологиялар конференциясы және түрлі тақырыптағы семинар-кеңестер жосарланып отыр.