Алматыда орталық реферанс -зертханасының құрылысы басталды

; АЛМАТЫ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда орталық реферанс-зертхананың құрылысы басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық Азияда баламасы жоқ зертхананың құрылысын АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі қаржыландырады. 2012 жылы іске қосылады деп жоспарланған құрылыс ядролық сынақ сынды апаттардың салдарынан туындайтын инфекциялық ауруларды анықтау, оларға қарсы вакциналарды жасау, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялардың штаммдарын сақтау бағытында жұмыс істейтін болады. Құрылыстың басталуына қатысқан ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, зертхананың Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда стратегиялық маңызы зор. Өйткені, бұндай замануи кешен еліміз бен Орталық Азияда тұңғыш рет салынғалы отыр. «Зертхана ғылыми және оқу-танымдық бағытта жұмыс істейді», деді Жақсылық Досқалиев.

Құрылыстың басталу шарасына АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугланд, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысты. АҚШ Елшісі өз сөзінде зертхананың қазақстандық ғалымдарға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ АҚШ Елшісі КСРО кезінен Қазақстанда орналасқан сынақ орындарында ядролық, химиялық, биологиялық қарулардың штаммадры қалғандығын, бұл болашаққа үлкен қауіп төндіруі мүмкіндігін, бүгінгі салынатын зертхана осының алдын алуға қауқары барлығын айтты.

Соңғы жаңалықтар