Алматыда Орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда Есірткі құралдарының, психотропты заттар мен олардың  прекурсорының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру  орталығына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің 2-ші отырысы өтіп жатыр,

Алматыда Орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысы өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Кеңестің алғашқы отырысы  бұған дейін Алматыда ақпанның  26-сында өткен болатын.  Бұл мәжіліске кеңестің 5 мүшесі (Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан,  Тәжікстан, Түрікменстан) мен  бақылаушы  ретінде  Ресей мен Өзбекстан республикаларының өкілдері қатысты.   Онда Бексұлтан Сәрсеков Кеңес төрағасы, Аманжол Оразбаев төрағаның хатшысы, Абзал Орынтаев оның орынбасары  болып сайланды.

"Кеңесте Австрия, Пәкістан, Канада, АҚШ және  Германияға   Орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру  орталығының жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді.  Бұған дейін мұндай мәртебені Италия, Франция, Финляндия және Интерпол алған еді. Онда сондай-ақ, Орталық директорының халықаралық ұйымдар мен өзге де мемлекеттік ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдар мен хаттамаларға қол қою жөніндегі өкілеттілігін талқылады. Қазіргі таңда  Орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру  орталығы Бүкіләлемдік кеден одағымен, Еурополмен, Кабул қаласындағы ведомствоаралық операцияларды үйлестіру орталығымен, ТМД елдері лаңкестікке қарсы күрес орталығымен, ТМД елдерінің Атқарушы комитетімен, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымымен және Түркия, Қытай сияқты өзге де елдердің құзырлы ұйымдарымен табысты ынтымақтастық жағдайында жұмыс істеп келеді", дейді Орталықтың ақпараттық-талдау бөлімшесінің бастығы Аманжол Оразбаев.