Алматыда өртенген үй ішінде қамалып қалған жасөспірім құтқарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда құтқарушылар 14 жасар қызды өртеніп жатқан үйден аман алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Жетісу ауданы Венецианов көшесінде орналасқан №65 үйден шыққан. Оқиға орнына өрт сөндіру жасақтары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді.

«Мамандандырылған жасақ бөлімшелері оқиға орнына төрт минутта жетті. Құтқарушылар жалпы алаңы 80 шаршы метр болатын шатыры бар үйдің өртеніп жатқанын анықтады», - деп хабарлады ведомстводан.

Өртті барлау және сөндіру барысында мамандандырылған жасақ және №8 өрт сөндіру бөлімінің мамандары үйдің ішінен 2008 жылы туған қызды тапты.

«Ол тұрғын үйге жапсарлас салынған бөлмеде қамалып қалған. Шығатын жол жабық. Терезесі металл тормен жабылған. Құтқарушылар есікті ашып, оқушы қызды сыртқа шығарды. Жасөспірімді дәрігерлер тексерді, өміріне ешқандай қауіп жоқ», - деп атап өтті департаменттен.

Өртті сөндіруге 9 техника, жеке құрамнан 36 адам жұмылдырылды.



Видеодан алынған кадр





Соңғы жаңалықтар