Алматыда Отан қорғаушы күніне және Жеңіс күніне арналған фильмдердің қайырымдылық көрсетілімі болады

АЛМАТЫ. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімдігі 6-10 мамыр аралығында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған деректі және көркем фильмдердің қайырымдылық көрсетілімін өткізеді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Алматыда Отан қорғаушы күніне және Жеңіс күніне арналған фильмдердің қайырымдылық көрсетілімі болады

Бағдарламада - «Жұлдыз», «Полктастар», «Мәншүк туралы ән», «Маршал Жуков», «Жеңістің жұлдызды сағаты», «Мәскеу үшін шайқас», «Тұзды көл жағасындағы үй», «Сталинге сыйлық», «Әке», «Жерұйық», «Соғыс және балалар», «Иванның балалық шағы» сияқты фильмдер көрсетілмек.

Ұйымдастырушылар - «Алматыкино» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қазақфильм» АҚ және «Aldongar Productions», «VERSO», «Cinema Hotel Corporation», «Silk Way City Cinema», «Sun Cinema», «Отау Синема» компаниясы, «Star Games» ЖШС жеке компаниялары.