Алматыда Отан қорғаушылар күніне орай Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды

АЛМАТЫ. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда Отан қорғаушылар күніне орай Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
None
None

Шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының ардагерлері, саяси партиялардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, ҚР генералдар Кеңесінің, қаладағы жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жиынды қала әкімі ашып, Отан қорғаушылар мен ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. «Барлық алматылықтар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймын. Елбасымыз атап өткендей, бұл - шын мәнінде ер-азаматтар мерекесі, қазіргі біздің бейбіт уақытта ер-азаматтар аға ұрпақтың, әкелеріміздің, ағаларымыздың ерлігіне сай болуы тиіс. Бүгін әрқашан атап өтетін, ардагерлерімізді құрмет тұтатын өте жарқын күндердің бірі»,- деді қала әкімі.

Ол сондай-ақ ардагерлерді жеке құттықтап, 9 мамыр күні 28 Панфиловшылар саябағында өтетін Жеңіс күні мерекесіне шақырды. Естеріңізге сала кетейік, Ұлы Жеңіс күніне арналған шаралар қаланың барлық аудандарына өтеді. Негізгі шара 28 Панфиловшылар саябағындағы «Мәңгілік алауға» гүл қою рәсімінен басталады.

Соңғы жаңалықтар