Алматыда «Отан тарихындағы елдік және ерлік дәстүр» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

АЛМАТЫ. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Алматыда «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Отан тарихындағы елдік және ерлік дәстүр» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,

Алматыда  «Отан тарихындағы елдік және ерлік дәстүр» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР ҰҒА Ә.Марғұлан атындағы Археология институты, Қазақстан тарихшылары қауымдастығы, Қазақстан жазушылары одағы бірлесіп ұйымдастырады. Конференцияның мақсаты - Қазақ халқының азаттық жолындағы шайқастарда көсемдік пен батырлықты көрсетіп, ел есінде қалған тарихи тұлғалардың өмірлерін деректілік пен дәйектілік негізінде анықтап, ғылыми айналымға түсіру, жас ұрпақтың азаматтық-патриотық сезімін оятып, елжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу. Конференция аясында қазақ халқының ерлік дәстүрі мен елдік тағылымын паш ететін кітаптар мен ұлттық қолөнер бұйымдарының, қару-жарақтар мен құрал-саймандар көрмесі ашылады. Сонымен қатар Рамазан Стамғазиев, Тілеулес Құрманғалиев, Сауқынбек Шаханұлы, Базаралы Мүптекеев және «Тұран» этно-фольклорлық тобы өнер көрсетеді.