Алматыда отандық компаниялардың нақты тауарлары және жұмыс пен қызметін пайдалануға қатысты 14 меморандум мен 17 хаттамаға қол қойылды

АЛМАТЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қазіргі таңда «Мемлекеттік тапсырыс-2009» акциясы бойынша 49 миллиард теңгенің тақты тауарлары мен жұмыс пен қызметке қатысты 14 меморандум мен 17 хаттамаға қол қойылды.
None
None
Бұл бүгін Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан - дамуға» деп аталатын биылғы Жолдауын талқылауға арналған қала активінің жиналысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Біз мұнымен тоқталып қалмаймыз. Қаланың өнеркәсіпшілер қауымдастығы ұлттық компаниялармен бірлесіп тағы 55,5 миллиард теңгенің өнімі мен қызмет түрлерін нақтылап, меморандумдарға қол қоймақ», дейді қала әкімінің орынбасары Ербол Шорманов. Мемлекеттік тапсырыс-2009» акциясының 1-ші кезеңінде қаланың бюджеттік 30 бағдарламасының әкімшілері 109,3 миллиард теңгенің сатып алу жоспарын ұсынған болатын. Екінші кезеңде 279 коммуналдық- мемлекеттік кәсіпорын 20,7 миллиард теңгенің, ал 3-ші кезеңде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ына қарасты 18 ұлттық компания алматылық кәсіпкерлерді өз жоспарларымен таныстырды. Қазіргі таңда алматылық өндірісшілер бұл ұлттық компаниялармен 100 миллиард теңгеден астам тауар мен қызмет түрлері бойынша келісімшарттарын пысықтап жатыр.
Соңғы жаңалықтар