Алматыда отбасы институтын нығайту тақырыбында кеңейтілген отырыс өтеді
АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - 29 қыркүйекте Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің отырыс залында «Отбасы институтын нығайту - кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзышылықтың, қатыгездіктің, зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдарының консультативтік кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлайды.
Іс-шараға Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері директорларының орынбасарлары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорлары кеңесінің, ҮЕҰ кеңесінің мүшелері қатысады.