Алматыда «Отбасы және мектеп» атты он күндік алдын алу іс-шарасы аяқталды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 12-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда «Отбасы және мектеп» алдын алу іс-шарасы аяқталды,

Алматыда «Отбасы және мектеп» атты  он күндік алдын алу іс-шарасы аяқталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Іс- шара кезінде 126 шырқы бұзылған отбасылар анықталып, мектепке бармайтын 68 бала, қараусыз қалаған 121 бала, қайыр- садақа сұрап жүрген қаңғыбас 55 бала қолға түсті. Мұнымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке 381 жасөспірім тартылды, оның 275-і ішімдік ішіп қолға түскендер. Аталған жасөспірімдердің 250-ден астамы арнайы есепке алынды», деді Алматы қаласы қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Айгүл Шөпшекбаева. Оның айтуынша, аталмыш шара отбасындағы ахуал мен балалардың бей-берекет жүрісін тыюға, қылмыстық ортаға түспеуі мақсатында атқарылған.