Алматыда отбасылық марафон өтуде

МАТЫ. 30 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда 90-нан аса отбасының қатысуымен «Отбасының саулығы - елдің саулығы» атты марафон өтіп жатыр.

Алматыда отбасылық марафон өтуде

Мұндай шара еліміздің Астана, Өскемен және Ақтөбе қалаларында да өтуде.

Аталған шараның басты мақсаты - ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында 8 бен 12 жас аралығындағы балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен отбасы спортын қалыптастырып, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, отбасылық марафон көптеген адамдардың салауаттты өмір салтын қалыптастыруға деген ынтасын оятып, олардың күні бойы сергек әрі көңілді жүруіне жол ашпақ.

Аталған шараны халықаралық Көшбасшылық орталығының қолдауымен «Қазақстан 43-көшбасшылық бағдарлама» бастама тобы ұйымдастыруда.