Алматыда өтетін «Әлем барысына» 29 елден балуандар келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласында 1-2 желтоқсан күндері Тұңғыш Президент күніне орай қазақ күресінен «Әлем барысы» өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда өтетін «Әлем барысына» 29 елден балуандар келеді

ҚР Қазақ күресі федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 1 желтоқсан күні Алматыда қазақ күресінен «Әлем барысы» абсолюттік әлем чемпионаты қатысушыларының ресми салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Жарысқа 29 елден 34 балуан қатыспақ.

Қазақ күресінен «Әлем барысы» абсолюттік әлем чемпионаты 2 желтоқсан Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болады.