Алматыда өтетін азық-түлік көрмесінде 30 елдің өндірушілері бас қосады

МАТЫ. 1 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ертең Алматыдағы Атакент іскерлік сауда орталығында 13-ші «WorldFood Kazakhstan 2010» Ортаазиялық азық-түлік көрмесі ашылады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында көрменің ұйымдастырушылары Iteca компаниялар тобының өкілдері мәлім етті.

Алматыда өтетін азық-түлік көрмесінде 30 елдің өндірушілері бас қосады

1-5 қараша аралығында өтетін көрмеге әлемнің 23 елінен 250 компания келеді. Бұлардың ішінде Германия мен Литва ұлттық көрмелерімен қатысады. «Үш күндік көрмеге 5 мыңнан астам адам келеді деп күтілуде. Биылғы көрме көлемі жағынан ТМД елдерінде өтетін көрмелердің ондығына кіреді. Көрменің көлемі 5 мың шаршы метрді құрайды»,- дейді шараның менеджері Анна Бычкова.

Оның айтуынша көрменің биылғы жаңалығының бірі - халал өнімдеріне арналған арнайы секция жұмыс істейді. Онда Халал стандартына сай тағамдармен қатар, халал өнімдерін өндіруге қызығушылық білдіргендерге арналып арнайы семинарлар жұмыс істейді.

Көрме аясында дәстүрлі үздік өнімді таңдауға арналған алкоголь өнімдер мен азық-түліктің дегустациясы да өткізіледі.