Алматыда өтетін І халықаралық Өмірбек Жолдасбеков симпозиумының дайындық жұмыстары пысықталды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше Алматыдағы Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-де І халықаралық Өмірбек Жолдасбеков симпозиумына дайындық жұмыстарын пысықтауға арналған жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Майталман ғалым, ғылым мен білімнің үйлестірушісі, қоғам, саясат және мемлекет қайраткері Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің 80 жылдығына арналғанІ халықаралық Жолдасбеков симпозиумы 2011 жылдың 1-2-ші наурызында Алматыда өтеді деп жоспарлануда.

Ғылыми шараның өтуін талқылауға арналған отырысты академик Бақытжан Жұмағұлов жүргізді. Жиын барысында Ө.А.Жолдасбековке арналған бюст ескерткішін тұрғызу мақұлданып, осы жұмысқа кететін шығын есептелді. Сонымен қатар академиктің ғылыми еңбектерінен жинақ құрастырып, деректі фильм түсіру керектігі де айтылды. Сондай-ақ симпозиумға келетін шетелдік қонақтардың тізімі жасақатылып, шара демеушілері нақтыланды.

Соңғы жаңалықтар