Алматыда өтетін «Kazbuild-2010» көрмесіне германиялық компаниялармен біріккен стенд қойылады

АЛМАТЫ. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда қыркүйек айының 7-10 аралығында Қазақстандағы Германия жылы аясында «Құрылыс және интерьер» - «Kazbuild-2010» атты XVII-ші халықаралық көрме өтеді,

Алматыда  өтетін «Kazbuild-2010» көрмесіне германиялық компаниялармен біріккен стенд қойылады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрме әлемнің 300-ден астам кәсіпорындарына заманауи инновациялық жаңа жобаларын көрсетуге мүмкіндік береді.

Биыл да көрмеге германиялық компаниялармен біріккен стенд қойылады.

Бірнеше жылдан бері неміс компанияларының біріккен стендтері шетелдік көрме бағдарламасы шеңберінде Германия елінің экономика және технология федералдық министрлігінің қолдауына ие болып келеді.

Биыл ұсынылатын стенд «IEC Berlin Inter Expo Consult GmbH» компаниясының және Алматыдағы Германияның Бас консулдығының көмегімен ұйымдастырылуда.

Көрмеге германиялық 14 фирма өз өнімін ұсынбақ.