Алматыда өткен аптада 4 дүңгіршек пен 13 жабайы сауда орындары жойылды

АЛМАТЫ. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда  өткен аптада әкімшілік, полиция СЭС қызметкерлері мен біріге отырып жүргізілген рейд барысында 4 дүңгіршек  пен 13  жабайы сауда орындары жойылды.

Алматыда өткен аптада 4 дүңгіршек  пен 13  жабайы сауда орындары жойылды

Бұл туралы Алматы қаласының  мемлекеттік  санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы хабарлады.

Жүргізілген іс шара аясында Әуезов, Алмалы,  Түрксіб аудандарында анықталған 4 дүңгіршек бауырсақ, көкөніс сатумен заңсыз айналысқан.

Жойылған 13  жабайы сауда орындардың 9-ы   Әуезов ауданындағы №11 мөлтек ауданында, ал  4-еуі Түрксіб ауданынының Жансүгіров пен Бекмаханов көшесінің бойында анықталған. Сауда орындардың көпшілігі кәуап және  қуырлған тауықты сатумен айналысқан.

Жабайы саудамен айналысатындарға қарсы күрес әлі де жалғасатын болады.