Алматыда өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 500 тоннадай өнім сатылды

МАТЫ. 17 қазан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда демалыс күні Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің дәрстүрлі жәрмеңкесі болып өтті.

Алматыда өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 500 тоннадай өнім сатылды

Бұл жолы жәрмеңкеде 120 млн. теңгеден асатын азық-түлік өнімдері сатуға шығарылды.

Жыл басынан бері осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеге Алматы облысының 16 ауданы мен 3 қаласы қатысты. Осы жолы да жәрмеңкеге бағасы нарық құнынан 15-20 %-ға төмен жеміс, көкөніс, ет, сүт және басқа да азық-түлік өнімдері қойылды. Ондағы мақсат - Алматы қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру болып табылады.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін қала әкімі Ахметжан Есімовтың өзі аралап шықты.

Жарты күннің ішінде жәрмеңкеде әкелінген өнімдердің барлығы өтіп кетті. Атап айтқанда, 64 тонна ет, 9,5 тонна сүт өнімдері, 150 тонна жемістер мен көкөністер, 250 тонна болатын балық, бал, шырындар және басқа да азық-түлік түрлері сатылды.