Алматыда өткен ғасырда салынған ескі ғимараттардың барлығы жөнделеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алмалы ауданында өткен ғасырдың 1919-20 жылдары салынған үйлердің қасбеттері реставрациялаудан өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда өткен ғасырда салынған ескі ғимараттардың барлығы жөнделеді

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының хабарлауынша, ғимараттардың бейнесі алматылықтарға бұрынғы бала кезден таныс бейнеде қалмақ.

«Сары түс пен жасыл желек бұрынғы ескі Алматының фирмалық белгісі боп қалады. Осылайша қаладағы өткен ғасырда салынған ескі ғимараттардың барлығы жөнделіп, қайталанбас сәулет стилі қалыптасады»,- деді басқармадан.