Алматыда өткен үш күнде 3 мыңнан астам жол ережесін бұзу оқиғасы анықталды

АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Жол полициясы басқармасының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау бойынша рейд өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Бұл шара наурыздың 7 - 9 аралығында ұйымдастырылды. Ондағы басты мақсат қоғамдық тәртіптің қорғалуын, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол ережесін бұзу әрекеттерін анықтау болып табылады. Аталған уақыт аралығында жол полициясының жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеді», ? дейді Алматы ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полковник Ермек Құсайынов. Осы үш күннің ішінде жол ережесін бұзу жағдайы бойынша 3 мыңнан астам оқиға тіркелген.Рейд кезінде жол полициясының қызметкерлері 168 жүргізушіні мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұстады. Қарсы бағыттағы жолға шығып кеткені үшін 80 автокөлік иесі қолға түскен. Рөлде отырып ұялы телефон арқылы сөйлескені үшін 131 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған 290 жүргізуші ескерту алып, 175 автокөлік айып алаңына қойылды.
Соңғы жаңалықтар