Алматыда өткен велошеруге кездейсоқ келген жігіт басты сыйлықты ұтып алды

Әуесқой велошабандоздар таңғы сағат 8:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығының маңына жиналып, нөмерлерін алды. Сол нөмерлермен қатысушылар мәреде ойнатылатын лотореяға қатысты. Лоторея жеңімпазы атанған Захир Муллаев велошеруге кездейсоқ келе салғанын айтты.
«Мен бірінші рет қатысып отырмын. Арнайы жоспарлап келгенім жоқ, кездейсоқ қатыса салып едім, міне, басты сыйлық - велосипедті ұтып алдым. Өте қуаныштымын», - дейді лоторея жеңімпазы.
Айта кетейік, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің он біріншісі болып отыр.
«Осы жолғы велошеру Әл-Фараби даңғылынан басталып, мемлекеттік орталық мұражайында аяқталды. Қатысушылар жалпы 12 шақырымдық қашықтықты бағындырады», - деді аталған басқарма маманы Айдана Әділбекова.