Алматыда өткен жылы 36 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды - А. Рахымбетов

АЛМАТЫ. 11 сәуір. ҚазАқпарат -      2011 жылы  жалпы  қалалық  аумақтарда   36 мыңнан  астам  жасыл желек  отырғызылды, соның  ішінде, бюджет қаражаты есебінен  27 571 ағаш пен  бұталар  егілді  және 9 мыңнан  астам  өтемдік ағаштар  отырғызылды.

Алматыда  өткен жылы  36 мыңнан  астам  жасыл желек  отырғызылды - А. Рахымбетов

Бұл туралы  бүгін Алматыда өткен 2011 жылғы атқарылған жұмыстар бойынша есептік жиында Алматы қаласы Табиғи ресурстар және  табиғатты пайдалануды  реттеу басқармасының бастығы Алтай Рахымбетов мәлім етті.

Оның айтуынша, 11 айдың ішінде  қала бойынша  апатты  жағдайдағы  10 787 ағаш кесілген, 45 716  ағашқа  өсуін қалыптастыру және  санитарлық  қырқу  жұмыстары  жүргізілген. 

"Басқарманың қаланың жасыл қорын жасарту жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес қаланың  үлкен  көшелеріндегі қартайған, апатты жағдайдағы ағыштарды кесу және жас ағаш егу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Фурманов көшесі, Достық  және  Сейфулин  даңғылдарын, Саин, Желтоқсан  көшелерін және т.б. көшелерді көгалдандыру бойынша  жұмыстар жүргізілді.  Қаланың барлық аудандарында  жалпы  аумағы   180 мың шаршы  метр жерде әр түрлі гүлдер отырғызылып,  гүлзарлар жасалды;  оның ішінде  жергілікті бюджет қаражатына 87014,5 шаршы метр жерге гүлзар жасалды. Алматы қаласы бойынша  әсемдік - гүлді  көгалдандыру нысандарын  құру  және маусым бойы оларды күтіп-баптау  бойынша іс-шаралар  жүргізілді, 16 мыңнан астам  тік гүлді  көгалдандырудың  элементтері  орнатылды. Көгалдандыру  аясында  Алатау ауданында  Боралдай өзені  бойында  жасыл  аймақ   құрылды, «Халық»  спорт-сауықтыру кешені  көгалдандырылды, «Медеу» МӨТП  аумағында  4900 ағаш  отырғызылды", - деді Алтай Рахымбетов.

Ол сонымен қатар: "2011 жылы Жетісу  ауданындағы 2 бақты  жаңғырту  бойынша  жұмыстар жасалды. Нақтырақ айтқанда, бірінші Ратушный  көшесінің  бойындағы 2,4014 га аумақтағы баққа ұзындығы  429 қ.м.  қоршау  жасалды, жарық  беретін  30 дана  бағана,   1 спорт  және 3 балалар алаңы жасалды, ұзындығы  2740 қ.м. суару құбыры  жүргізілді, сондай-ақ, аумағы  17000 м2 асфальт  төселді,  көкжелектер мен  гүлзарлар  отырғызылды, сәкі  мен  қоқыс  сауыттары орнатылды,  апатты  жағдайдағы және қураған ағаштар кесіліп,  жаңадан  көшеттер отырғызылды. Ал, екінші,  Жангелдин  көшесінің  бойындағы  3,6 га болатын баққа ұзындығы  3510 қ.м.  қоршау  жасалды, жарық  беретін  32 дана  бағана орнатылды,  3 спорт  және 5 балалар алаңы жасалды, ұзындығы  5600 қ.м. суару құбыры  жүргізілді, аумағы  7255 м2 асфальт  төселді, сонымен қатар, 25663 м2 аумақ көгалдандырылып, сәкі  мен  қоқыс  сауыттары орнатылды", -деді.